Марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі және КСРО құрамасының ардагері Сейілда Байшақов қатысты.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, спортшыларға медальдар табыс ете отырып, бұқаралық спорт түрлерін дамытудың қаншалықты маңызды екеніне тоқталды.
Нұрлан Ұранхаев - Абай облысының әкімдігі
«Сіздер, жағажай футболынан өткен ел чемпионатында мықты ойын көрсеттіңіздер. Жаңадан құрылған команданың алғашқы сыннан сүрінбей өтіп, күміс медальға ие болуы – үлкен жетістік!
Клубтық әлем чемпионаты мен еуропалық чемпиондар кубогына алған жолдамаларыңыз құтты болсын», - деп атап өтті өңір басшысы.