Жарыс 23 қыркүйек күні сағат 9.00-де Әуезов алаңынан басталады.
Акцияның мақсаты - көрнекті жазушының мерейтойына кеңінен назар аудару, сондай-ақ салауатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды насихаттау.
Іс-шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы мен мамандары, Alikhan Bokeikhan University басшылығы, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қызметкерлері, қаланың спорт қауымдастығының өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім алушылары қатысады.