USD474.83EUR515.38RUB5.5

ҚР Президентінің атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады

14 қыркүйек 2022, 16:22
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков дала өртін сөндіру кезінде күйік шалып, қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына ҚР Президентінің атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады.
ҚР Президентінің атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады

Сонымен қатар, 3 бөлмелі пәтердің сертификаты да берілді. Айдос Тоғызбаевтың өртпен күрес кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі ұмытылмайды.

Нұрлан Ұранхаев - Абай облысының әкімі:

Айдос Тоғызбаевтың батылдығы мен батырлығы, қайсарлығы мен өз қызметіне адалдығы баршамызға үлгі-өнеге болып қала бермек. Антына адал, Айдос бауырымыздың бойында дәл осындай қасиеттердің болғанына осы ерлігі дәлел. Мен, Абай облысы тұрғындарының, және жеке өзімнің атымнан марқұмның жолдасына, туған туыстарына тағы бір мәрте қайғырып көңіл айтамын.

Бесқарағай ауданында отбасымен бірге орман өртінің алдын алған Бесқарағай ауылының тұрғындары - Жанболат и Анаргуль Рүстемовтер отбасына алғыс хат пен тұрмыстық техника табысталды.

Айта кетейік, өткен аптада Жанболат Рүстемов отбасымен бірге жекеменшік көлігімен келе жатып, орманнан шыққан түтінді байқайды. Рүстемовтер отбасы бірден тиісті орындарға телефон шалып, отты өздері сөндіре бастады. Канонерка филиалының орман өртін сөндіру стансасы мамандары келіп жеткенге дейін, Рүстемовтер отбасы өртті сөндіріп үлгерген болатын.  Орман шетіндегі өртті көріп, қасынан бейжай өтпей, ағаштардың қызыл жалынға оранып, бүкіл алқаптың өртенуіне жол бермеген Рүстемовтер отбасының әрекеті көпке үлгі.

Сондықтан осындай азаматтың ұстанымы жоғары бар тұрғындар барда еліміздің көркейе түсері анық. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, өз кезегінде, осындай ерлік көрсетіп, елге қызмет жасаған азаматтарға зор алғыс білдірді.

Сондай-ақ Бақыршық әскери-құтқару бөлімшесінің маманы Қуат Байғазиновке облыс әкімінің алғыс хаты жолданды. Жарма ауданында болған дала өрті кезінде Қуат Байғазинов өрт сөндіруші Айдос Тоқызбаевқа жедел жәрдем мамандары келгенге дейін алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткен.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar