USD479.42EUR467.91RUB8.21

30 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

12 қыркүйек 2022, 11:19
«Абай облысында өңдеу өндірісі бойынша 30 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ол бойынша 7 мың жаңа жұмыс орыны ашылады. Оның ішінде биылдан бастап 3 жоба іске асырыла бастайтын болады. Бұл жобалар бойынша 785 жаңа жұмыс орыны ашылады- деп атап өтті Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов Семей бизнес-конференциясында.
30 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Конференцияны ұйымдастырушылар қазіргі күнде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың көптеген тетігі бар екенін атап өтті. Солардың бір Үкімет құрастырған ел ішіндегі құндылықты дамытуға бағдарлама. Аталған бағдарлама аясында импорт алмастыру бойынша тауар өнідіретін кәсіпкерлерге қаржылық көмек жасалады.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар «Атамекен» ҰКП бизенеске арналып жасалған цифрлық жүйе туралы айтты. Цифрлық жүйеге тіркелген әрбір кәсіпкер өзіне қажетті барлық ақпаратты ала алады.

Конференцияның мақсаты - кәсіпкерлерге «Самұрық-Қазына» АҚ отандық өнім өндірушілерге қалай қолдау көрсететінін қарапайым тілде жеткізу.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

23 қыркүйек 2022, 15:52
23 қыркүйек 2022, 15:46
22 қыркүйек 2022, 11:04
22 қыркүйек 2022, 10:37
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar