USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абай облысында көмірді дер кезінде сатып алуға шақырды

12 қыркүйек 2022, 11:12
Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Болат Әбдіралиев халыққа көмірді уақытылы сатып алу туралы өтініш білдірді.
Абай облысында көмірді дер кезінде сатып алуға шақырды

Болат Әбдіралиевтің мәліметінше, Абай облысының көмірге деген сұранысының көлемі халық үшін 562,2 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда 375,0 мың тонна көмір жеткізілді (оның ішінде теміржол вагондарымен – 129,9 мың тонна, автокөлікпен – 245,1 мың тонна көмір). Облыс бойынша көмір «Қаражыра» АҚ-мен (қаладан 137 шақырым) жеткізіледі. Басқармамен күн сайын облыста көмір жеткізілімдеріне мониторинг жүргізіледі, деректер «Қаражыра» АҚ, «ҚТЖ» АҚ және халық үшін көмір өткізетін ұйымдармен салыстырылады.

Қыркүйек айына Абай облысына шамамен 50 мың тонна көмір жеткізу жоспарланған. Семей қаласы мен облыс аудандарының тұрғындарына көмірді сату орындарында дүрлікпе тудырмас үшін алдағы жылыту маусымына алдын ала көмір сатып алу қажеттігі туралы айтқым келеді. Қазіргі уақытта барлық тұйықтарда көмір бар, алайда, өткен жылдардың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, суық ауа райының басталуымен халық көмірмен қордалана бастайды және дүрлікпе пайда болады.

Облыс бойынша көмірді бөлшек саудада өткізетін 20 орын бар, оның ішінде төртеуі Семей қаласында. Осы тұйықтардағы орташа сату бағасы Семей қаласында тоннасына 10 200 – 10 500 теңгені құрайды және облыс аудандарының қашықтығына байланысты тоннасына 9 700 – ден 23 000 теңгеге дейін түрленеді, – деді Болат Әбдіралиев.

Сонымен қатар басқарма басшысының міндетін атқарушы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Kaspi bank» АҚ көмірді Kaspi.kz онлайн – дүкен арқылы сатып алу мүмкіндігі туралы келісімге келгенін хабарлады. Өз кезегінде, Абай облысының энергетика және ТКШ басқармасы аудандар мен қалалар әкімдіктерімен бірлесіп көмір жеткізушілермен оларды Kaspi.kz онлайн-дүкенде тіркеу қажеттілігі туралы келіссөздер жүргізуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar