
Данияр Жағыпарұлы 1976 жылы Павлодар облысы Краснокутск кентінде дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін және Қазақстан-Американдық Еркін университетін бітірген.
Жұмысты Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімі аппаратының құрылыс, сәулет, ТКШ және жолдарды дамыту бөлімінің маманы болып бастаған.
Әр жылдары ШҚО сәулет-құрылыс бақылау басқармасында, ШҚО құрылыс басқармасында, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында басшылық қызметтер атқарған.