
Айдын Қуатжанұлы кәсіби жолын "Корпорация Аркада" ЖШС директорының орынбасары қызметінен бастады. Алматы қаласы құрылыс басқармасының әлеуметтік нысандар құрылысы бөлімінің басшысы болды.
Алматы қаласының жайлы қалалық орта басқармасының бөлімін басқарды, Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары болды.