
Жарқынбек Борашұлы 1969 жылы Үржар ауданы "Бірінші май" ауылында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар. Атап айтқанда 1992 жылы Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, 2008 жылы- М.Әуезов атындағы Семей университетін аяқтады.
«Құрмет» орденінің иегері.
Еңбек жолын 1992 жылы «Калинин» колхозында бастаған.
1998-2004 жылдары «Ерасыл» шаруа қожалығының басшысы,
2004-2006 жылдары Некрасов ауылдық округінің әкімі болған. 2006-2008 жылдары аралығында Жоғары Егінсу ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарса, 2008 жылдың сәуір айынан 2017 жылдың қарашасына дейін Үржар ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.
2017-2021 жылдары Абай ауданын әкімі болған.
2021 жылдан бері Бесқарағай ауданының әкімі.