Бүгін біз, Абай облысының қоғамдық кеңесі, жаңа Жолдауды асқан ыждахаттылықпен тыңдап, Президенттің ой-толғамдары мен парасат-пайымынан, негізгі басымдықтарының өміршеңдігіне, ел мүддесі, уақыт тынысы, заман талабы, ұрпақ болашағы жолындағы тарихи байламына жоғары баға бердік.
Бұл – демократиялық даму жолын таңдаған қазақстандық қоғамды жаңартып, жаңғыртудың, уақыт күттірмес, негізгі талабы деп білеміз!
Күрделі геосаяси сын-қатерлер тоғысында, дамудың жаңа кезеңіне бағыт беретін, эволюциялық жаңғыру тұжырымдамасы халқымыз үшін Стратегиялық бағдар.
Біз – азаматтық институт өкілдері ретінде қоғам алдындағы тарихи міндет, қастерлі парыз, зор жауапкершілігімізді сезінеміз. Біздің жұмыстарымыздың негізгі мақсаты да осы. Халықтың жайы, тұрмысы, өмір сапасы мен ертеңгі күнге деген зор сенімі...
Біз жылдың басты құжатын – Халық үшін, Халықтық Жолдау деп жоғары бағалаймыз!