USD514.65EUR544.6RUB5.17

Абай облысының үздік логотипі мен брендбугіне байқау жарияланды

02 қыркүйек 2022, 09:53
Байқаудың мақсаты - Абай облысының логотипі мен брендбукін жасау бойынша қаланың имиджін жаңартуға және оның мәдени-тарихи мұрасын ескеретін жеке ерекшеліктерін бекітуге ықпал ететін үздік тұжырымдамалық жобаларды анықтау.
Абай облысының үздік логотипі мен брендбугіне байқау жарияланды

Үздік деп танылған Абай облысының логотипі жарнамалық, маркетингтік және басқа да іс-шараларда пайдаланылатын болады.

Комиссия конкурсқа түскен материалдарды конкурстық талаптарға сәйкес бағалайды;

байқау жеңімпаздарын анықтайды;

конкурс жеңімпазын марапаттау рәсімін өткізеді.

Комиссия шешімі қатысып отырған мүшелердің көпшілігімен ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

Жүлде қоры-1 000 000 теңге.

Байқауға шығармашылық шеберханалар, жарнама агенттіктері мен фирмалары, дизайн студиялары, жобалау ұйымдары, сабақтас мамандықтардың мамандары, авторлық ұжымдар және т. б. қатыса алады.

Конкурстық жұмыстар 2022 жылғы 1 қазан сағат 18: 00-ден кешіктірілмей Семей қаласы, Қ.Мұхамедханов көшесі, 8, № 412 кабинет мекенжайы бойынша баспа және электрондық түрде қарауға ұсынылады. Телефондар: + 7 (7222) 522577 электрондық адрес - abaiqdb@gmail.com.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar