USD484.37EUR531.06RUB5.05

Спорттың дамуы – басты назарда

31 тамыз 2022, 16:32
Абай облысындағы спорттың даму болашағы туралы аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиевпен талқылады.
Спорттың дамуы – басты назарда

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы өңірлердегі спортты одан әрі дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарларға тоқталды.

Өз сөзінде, облыс әкімі бұқаралық спортты дамытуға, тиісті инфрақұрылымды құруға, балаларды дене шынықтыруға тартуға баса назар аударылатын болатыны туралы атап өткен болатын.

Бүгінде облыста 30 спорт мекемесі бар. Олардың санын көбейту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Самат Ерғалиев Семей қаласындағы «Арена» мәдени-спорттық кешенін және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar