USD491.7EUR531.28RUB5.07

«Мектепке жол» республикалық акциясы

31 тамыз 2022, 16:26
2022 жылы "Мектепке жол" республикалық акциясы Балалар жылын жүзеге асыру аясында жүргізілуде. Акция 2022 жылдың 31 қыркүйегіне дейін жалғасады.
«Мектепке жол» республикалық акциясы

Абай облысы бойынша акция аясында 5316 бала материалдық көмек (мектеп формасы, спорт киімдері, аяқ киім, кеңсе тауарлары және т. б.) алды.

2022 жылғы 20-25 тамыз аралығында аудандардың орталық базарларында, алаңдарында, сауда үйлерінде бірқатар кәсіпкерлердің қатысуымен мектеп тауарларын төмен бағамен сату үшін мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

Өз кезегінде, облыстың жанашыр азаматтары, кәсіпкерлері акцияға қосылып, мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Мысалы, Восход кентіндегі №34 орта мектептің 80 оқушысына меценаттар спорттық костюмдер мен кеңсе керек-жарақтары бар сөмкелерді табыс етті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar