
Жобаның негізгі мақсаты – экотуризмді жақсарту. Бейбітшілік аралына табиғи саябақ салу арқылы түрлі өсімдіктер отырғызылып, сирек кездесетін құстардың алуан түрін өсіру жоспарланған.
Табиғи саябақта география, мәдениет, өлкетану, экологиялық туризмге арналған орындар бой көтереді. Сондай-ақ қарияларға арналған арнайы аумақ пен құстарды тамашалауға арналған бұрыштар да салынады.
- "Біз экоурбанизмді дамыту үшін де бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз. Табиғи саябақты салуға арнайы орындар жеткілікті",- деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.