Аталған конкурстың мақсаты жұмыста жоғары практикалық нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосатын үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу болып табылады.
Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша өңірлік комиссия Абай облысынан ең үздік ауыл әкімі болып Аягөз ауданы Малкелді ауылдық округінің әкімі Мақсат Ғылымбекұлы Исахановты (2020 жылғы қаңтардан бастап әкім) таныды, ол Абай облысын Республикалық деңгейде білдіреді.
Мақсат Ғылымбекұлы 1988 жылы бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.
Еңбек жолын Аягөз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып бастаған. Мемлекеттік қызметте Малкелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманынан (2017 жылдан) бастап, осыған дейін 2013-2015 жылдар аралығында осы әкім аппаратында іс жүргізуші лауазымында жұмыс істеді.