
Абай облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Нұрсағатов өткізілген жұмыс барысымен танысты.
«Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолының көп бөлігі Абай облысы арқылы өтеді, оның ұзындығы 394 км құрайды, осы учаскені жөндеу үшін 288 бірлік техника мен 420 жол жұмысшысы жұмылдырылған. «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының ұзындығы 197 км құрайды, 279 бірлік техника және жеке құрамнан 348 адам тартылған.
ҚазАвтоЖолдың ақпараты бойынша жөндеу жұмыстарын 2023 жылғы желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.