USD474.83EUR515.38RUB5.5

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы тағайындалды

26 тамыз 2022, 12:42
Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы лауазымына Айнұр Сұлтанова тағайындалды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы тағайындалды

Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы болып Айнұр Сұлтанова тағайындалды.

Айнұр Оралқызы ШҚО Ұлан ауданында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылдан Шығыс Қазақстан облысы білім департаментінің маманы болып бастады. ШҚО білім басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. ШҚО білім басқармасының түрлі бөлімдерін басқарды – стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды жоспарлау, талдау және мониторингілеу; экономика, жоспарлау және болжау; мемлекеттік мекемені жоспарлау және талдау.

2015-2017 жылдары – ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары;

2017-2020 жылдары – ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының экономикалық саясат және талдау бөлімінің басшысы;

2020-2022 жылдары – ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar