USD488.11EUR530.09RUB5.01

Абай облысында педагогтердің тамыз конференциясы өтті

26 тамыз 2022, 12:35
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қатысуымен "Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық" тақырыбында педагогтердің облыстық тамыз конференциясы өтті.
Абай облысында педагогтердің тамыз конференциясы өтті

Шара барысында тақырыпқа сай тематикалық алаңдар да қойылған. Олар: READ-x оқу конференция алаңы, “STEMS FEST” робототехника алаңы, "Шахмат әлемі" логикалық ой-өріс алаңы және т.б.

Өз кезегінде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтады.

Конференция барысында мақсаттар белгіленіп, міндеттер айқындалды.

Әкім инклюзивті білім беруге ерекше көңіл бөлуге шақырды. Оның айтуынша, азаматтармен тұрақты түрде кездесулер, сапарлар, тұрғындардың өтініштері инклюзивтік бағытта белсендірек әрекет ету керектігін көрсетеді.

«Білім басқармасына облыстың меценаттары мен бизнесмендерінің қаражатын тартуды ескере отырып, инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі бағдарламаны қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырамын».

Облыста аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Нұрлан Ұранхаев оқушылар өздерінің спорттық таланттарын дамытатын мамандандырылған сыныптар құру тәжірибесін жандандыру қажет екенін атап өтті.

Облыстың барлық мектептерінде робототехника кабинеттері базасында IT-сыныптар жұмыс істейді. Экономикалық лицей, Шәкәрім атындағы гимназия, 9, 12 және 22 мектептердің оқушылары тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп, робототехника бойынша чемпионаттардың жеңімпаздары болып табылады.

«Бізде Alikhan Bokeikhan University базасында «Abai IT – Valley» бірегей технологиялық кластері бар. Оның мүмкіндіктерін пайдалану керек. Осыған байланысты, білім басқармасына маңызды стартап-жобаларды іске асыру үшін облыс мектептерінің университетпен өзара іс-қимылы бойынша оқушылардың дағдыларын арттыру саласында нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын».

Биыл өңірде 1 700 орындық төрт жаңа мектеп ашылады. Болашақта 2025 жылға дейін 5 100 орындық тағы 11 мектеп салынады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жаңғыртылуда, онда 20 мыңнан астам студент білім алуда. Облыс «Баршаға арналған тегін техникалық-кәсіптік білім беру» жобасын сәтті жүзеге асыруда. Мемлекеттік тапсырыс техникалық және технологиялық сала үшін кадрлар даярлауға, оның ішінде IT, ауыл шаруашылығы, медицина мен білім беру салаларында мамандарды даярлауға бағытталған.

Конференция аясында үздік мұғалімдер марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar