Талаптар:
1) өтінім, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу Қағидасының 1 қосымшасына сәйкес беріледі;
2) өтінім тиісті түрде ресімделген ілеспе хатпен (басшының қолымен және мөрлермен расталған шығыс нөмірі, жауапты тұлғаның байланыс деректері, телефондары мен электрондық мекен-жайлары көрсетілген) жіберілуі тиіс;
3) өтінімде міндетті түрде нысанындағы шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесін көрсету қажет;
4) өтінімде 5 таңбалы коды бар экономикалық қызмет түрін міндетті түрде көрсету қажет (мысалы: мыс кенін өндіру және байыту – 07292);
5) өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі;
Өтінім беру мерзімі: 2022 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 16.00 - ге дейін.
Өтінімді қайда беру керек:
- қағаз түрінде Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының кеңсесіне (Семей қаласы, Қозбағарова көшесі, 40, 306 кабинет);
- электрондық нұсқасы nakip_es@mail.ru электрондық мекен-жайға жіберіледі, және электрондық тасымалдауыш болса Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының 306 каб. (Семей қаласы, Қозбағарова көшесі, 40).
Байланыс деректері: 8701 4118741, nakip_es@mail.ru.