USD491.7EUR531.28RUB5.07

Абай облысында тұңғыш Ертіс сабантойы өтеді

24 тамыз 2022, 12:53
Мерекеге Татарстан басшысы Рустам Минниханов та қатысады деп жоспарлануда.
Абай облысында тұңғыш Ертіс сабантойы өтеді

Осы орайда Татарстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Василь Шайхразиев пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев сабантойды ұйымдастыруды талқылады.

Кездесу барысында Нұрлан Ұранхаев Қазақстан мен Татарстанды бұрыннан іскерлік және мәдени қатынастар байланыстырып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, инвестициялық жобалар іске асырылуда.

«Татарлар мен қазақтар - туған ағайындар, бізде ортақ көп нәрсе бар. Біз әртүрлі саладағы қазақстандық әріптестеріміздің озық тәжірибесін әрқашан қабылдаймыз. Мұнда екі жүз мыңнан астам татарлар бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді. Сондықтан алғашқы Ертіс сабантойын өткізу біздің халықтарымызды одан әрі жақындастыра түседі», - деп атап өтті кездесуде Василь Шайхразиев.

Мерекеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Ресей Федерациясынан татар этно-мәдени орталықтарының өкілдерін шақыру жоспарлануда. Алғашқы Ертіс сабантойы қыркүйекте өтеді деп жоспарлануда.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar