
Таңертеңнен бастап ұлттық спорт түрлерінен жарыс, квест-ойындар өтті. Жастарға арналған кешкі бағдарлама да қарастырылған.
Айта кетейік, құрылу тарихы Кеңес заманынан бастау алатын Курчатов қаласы, қазіргі таңда Қазақстанның басты ядролық физика орталығы болып отыр. Қаланың ғылыми-практикалық әлеуеті, адами ресурстары, тәжірибелік алаңдар, қалыптасқан халықаралық қатынастар отандық ғылымды дамытуға мол мүмкіндік береді.