USD474.83EUR515.38RUB5.5

Жарнаманы орналастыруда тәртіп орнатуға ниетті

19 тамыз 2022, 12:52
Абай облысының әкімдігі сыртқы жарнаманы орналастыру мәселесінде тәртіп орнатуға ниетті.
Жарнаманы орналастыруда тәртіп орнатуға ниетті

Билбордтар мен басқа да жарнамалық құрылымдарды орналастыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау ұсынылады. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасы бойынша сыртқы жарнама нысандарын ретсіз орналастыруға қарсы күрес тетігі пысықталуда.

«Бұл жерде әңгіме тек сыртқы жарнамадағы тәртіпсіздік ғана емес, жерді өз бетінше басып алу туралы да болып отыр», - деп атап өтті облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Анзор Абаев.

Айта кетейік, 10 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жер заңнамасының сақталуын тексеруге мораторийдің күшін жоятын Жарлыққа қол қойды. Бұл дегеніміз, уәкілетті органдар жер учаскелеріне бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізуге құқылы.

Жасыратыны жоқ, қазір бірреттілік жоқ, құрылымдар барлық жерде орнатылған. Абай облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Нұрсағатовтың айтуынша, қаланың сыртқы келбетін сәйкестендіру үшін белгілі бір жерлерде жарнама нысандарының нақты санын анықтау туралы ойлану қажет.

Оның үстіне, облысты құрумен сәулет және қала құрылысы қызметі туралы Заңға сәйкес бірыңғай сәулет стилін енгізу қажет болады. Бірыңғай сәулеттік стиль немесе дизайн-код қалалық кеңістіктерді безендіру мен салудың егжей-тегжейін реттейді.

Ол жол төсеу, жарықтандыру, сыртқы жиһазды орнату, навигация, белгілер, сыртқы жарнама нысандары ережелерін реттейді, бір сөзбен айтқанда, қаланың эстетикасын бақылайды.

Осы саладағы кәсіпкерлермен бірге жарнамалық құрылымдарды орналастырудың заңдылығына тексеру жүргізу жоспарлануда.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar