USD483.23EUR534.74RUB5.12

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы тағайындалды

18 тамыз 2022, 11:37
Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып Роза Құдайбергенқызы тағайындалды.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы тағайындалды

Роза Құдайбергенқызы 1967 жылы Аягөз ауданы Знаменка ауылында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген

Еңбек жолын Семей облысы Таскескен аудандық қаржы бөлімінің штатында ревизор-инспектор қызметінен бастады.

1988 жылдан 1996 жылға дейін Семей облысы Таскескен аудандық қаржы бөлімінің бюджет жөніндегі инспекция бастығы, меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

1996 жылдан 2005 жылға дейін - Семей қалалық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Салық және кірістерді болжау бөлімінің бастығы, бюджет бөлімінің бастығы.

2005 жылы Семей қаласының қаржы бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы бөлімдеріне басшылық етті. Осы тағайындауға дейін Семей қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің 90 жылдығы", "Үздік мемлекеттік қызметші", "Қала сіңірген еңбегі үшін"құрмет белгілерімен марапатталған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

4 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar