
* Білім беру нысандарының жылу беру маусымына дайындығы 97% - ды құрайды.
* Қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету үшін барлық оқу орындарында бейнебақылау жүйелері мен дабыл түймелері орнатылған.
* 156 елді мекеннен 3 137 оқушы тасымалдаумен қамтамасыз етіледі.
* Ревакцинациядан педагогтердің 85% өтті, Жұмыс 25 тамызға дейін аяқталады.
* 157 балабақша мен 202 шағын орталық мектепке дейінгі жастағы 25 305 баланы қабылдауға дайын.
* 5 колледж жаңа модификациядағы 26 кабинет сатып алды.
Ағымдағы жылы ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) жүйесі бойынша 4534 грант бөлінді.
* Облыста жалпы контингенті 17,9 мың студент болатын 3 ЖОО жұмыс істейді.