Ахмет Асетұлы 1968 жылы Семей облысы, Ақсуат ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1985 жылы Аягузсельстрой трессінде жүк тиеп-түсіруші маманы болып бастаған. Ал 1986-88 жылдар аралығында Кеңес Әскері қатарындағы қызметті атқарған.
1992-1996 жж. Ақсуат ауданы бойынша Салық инспекциясында жетекші, бас салық инспекторы және салық милициясының инспекторы болып қызмет атқарған.
2002-2007 жж. Тарбағатай аудандық қаржы бөлімінің есеп бөлімінің бас маманы – бас бақылаушы – тексеруші.
2008-2010 жж. Тарбағатай аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бөлімше бастығы және бөлім бастығының орынбасары.
2010 жылы Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы.
2010-2011 жж. Сәтпаев ауылдық округінің әкімі.
2011-2015 жж. аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, экономика және қаржы бөлімінің басшысы. 2018-2021 жж. Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болған. 2022 жылы Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары.