- "Құрылысшы болу – абыройлы мамандық! Әлеуметтік нысандар мен баспана, жолдар мен көпір салу – халыққа қызмет жасаудың ерекше көрінісі! Соңғы жылдары елімізде жоғары қарқын алған құрылыс жұмысының арқасында өңірлердің ажары кіріп, халықтың тұрмысы жақсарды. Жаңа нысандар мен тұрғын үйлер Абай облысында да бой көтеріп, ел игілігіне берілуде.
Бұл - өңір экономикасына, зор үлес қосып жатқан жұмыстарыңыздың нәтижесі",- деп тілек-лебізін білдіріп, құрмет грамоталарын табыстады.
Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төс белгісімен «Востокстройгрупп» ЖШС директоры - Александр Кишко және «Құрылыс» ЖШС прорабы Тілеухан Маменов марапатталды.